2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы). өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 163-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесі»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.